2023 жылдың 20-шы және 23-ші қыркүйегі аралығында Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында «В.М. Горбатов атындағы Азық-түлік жүйелерінің Федералды ғылыми орталығында», техника ғылымдарының кандидаты Умиралиева Ләззат Бекенқызы «Ет өнімдерінің сақтау қабілетін арттыру және олардың жарамдылық мерзімін анықтау» тақырыбында 32 сағат көлемінде тағылымдама түрінде оқудан өтті.
Тағылымдама 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы, 154 «Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша «Суықпен ұштастыра отырып, салқындатылған құс еті мен құс өнімдерін сақтаудың жаңа технологиясын әзірлеу» гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде жоспарланған болатын. Тағылымдама бағдарламасы ауқымды болды . Онда келесі мәселелер қамтылды: ГОСТ-қа жарамдылық мерзіміне шолу. Өндірістің санитарлық жағдайының өнімнің сақталуына әсері. Сақтау процесінде тағамның бұзылуының негізгі микроорганизмдері. Жарамдылық мерзімін белгілеудің заманауи тәсілдері. Майдың тотығуын анықтаудың жаңа тәсілдері. Өндірушінің көзқарасы. Газ қоспаларының құрамының тағамның сақталу қабілетіне әсері. Сақтау процесінде тағамдағы микроорганизмдердің дамуына әсер ететін негізгі факторлар. Болжалды микробиологияның негіздері. Ет өнімдерінің жарамдылық мерзімін арттыру жолдары. Ет өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұзартудағы қаптаманың рөлі. Практикалық тренинг – өнімнің бүліну себебін қалай анықтауға және мәселені шешу алгоритмін таңдауға болады. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат табысталды.
Сондай-ақ, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі «Микробиология» кафедрасына іс-сапар ұйымдастырылды. Мұнда күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес Л.Г. Стоянова, М. А. Дибирасулаева сынды профессорлармен бірлесіп, жобаны іске асыру жайында және де эксперименттік зерттеулер жүргізуге қатысты мәселелер талқыланды.