17-23 қыркүйек аралығында, Велямов Масимжан Турсунович «Биотехнология, сапа және азық-түлік қауіпсіздігі» зертханасының меңгерушісі, б.ғ. д., профессор, ҚР АСХН академигі арнайы шақырту бойынша Бүкілресейлік тағамдық қоспалар ғылыми-зерттеу институтының – «В. М. Горбатов атындағы Азық-түлік жүйелерінің Федералды ғылыми орталығы» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің филиалында болып қайтты. Бұл сапардың мақсаты жаңа функционалды тамақ өнімдерін өндіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азық-түлік кәсіпорындарындағы сапаны бақылау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болып табылады. Сапар барысында Масимжан Турсунович бірқатар дәрістер өткізіп, қызметкерлердің әзірлемелерімен, институттың практикалық қызметімен танысты, соңында институт сертификат берді. Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында ғылыми мақалалардың бірлескен жарияланымдары және халықаралық гранттар конкурстарына қатысу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша біздің институтпен меморандум жасалды.