ҚАЗАҚСТАН ҚХР ШАНЬДУН ПРОВИНЦИЯСЫМЕН АГРОСЕКТОР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚСТЫҚТЫ ДАМЫТПАҚ

Қыр 4, 2023

🔵2023 жылғы 03 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев пен Қытай Халық Республикасы Шаньдун провинциясы ҚКП партия ұйымының хатшысы Линь У арасындағы кездесу болып өтті.

🔵Кездесуге ҚХР Шаньдун Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының партком хатшысы Лян Цзиньгуан және ҚР ҰҒА Вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық технологиялық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Қанат Тіреуов, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы, мемлекеттік атқарушы органдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің және бизнес құрылымдардың басшылары қатысты.

🔵Шаньдун – Қазақстанмен сауда көлемі бойынша ШҰАР, Пекин және Ганьсу провинцияларынан кейінгі төртінші провинция болып табылады. Өткен жылы тауар айналымы 2 млрд долларды құрады.

🔵«Қазақстан агросекторда ҚХР-дың Шаньдун провинциясымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Бұл көрсеткіш одан ары өсуі мүмкін, өйткені Қазақстан жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынуға дайын. Республиканың астықты жыл сайын жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ ҚХР-ға салқындатылған ет өнімдерін сатуға әлеуеті бар», – деді министр Ербол Қарашөкеев.

🔵Сол күні Алматыдан алғашқы 1.3 мың тонна қазақстандық астық жаңа контейнерлік жүк пойызымен Цзинань қаласына жөнелтілді. Бұл айтулы оқиға Алматыдағы Бурундай станциясында Шаньдун қалыптастыру орталығының ашылуына себеп болады.

🔵Кездесу аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Шаньдун ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы арасындағы Меморандумға қол қойылды. Тараптар ауыл шаруашылығы ғылымын жаңғырту, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтарын құру және т.б. бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге уағдаласты.