Бүгін 18 шілдеде біздің институт қабырғасында Сычуань ауылшаруашылық ғылымдары академиясының (SAAS), ҚХР делегациясымен кездесу өтті. Іс-шара аясында зертханаларға экскурсия ұйымдастырылды. Біздің ғалымдар өз өнімдерін көрсетіп, олардың ерекшеліктері туралы айтып берді.
Қытай делегациясының өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына, соның ішінде, ірі қара малдың ішкі бөліктерін өңдеу технологиясына қызығушылық танытты.
Кездесу соңында өзара тиімді ынтымақтастық жолдары талқыланды.