«Егінжай күні» далалық семинар-кеңесі өтті.

Шіл 20, 2023

2023 жылғы 19 шілдеде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Егінжай күні» далалық семинар-кеңесі  өтті.

 

«Ғылым мен өндіріс байланыстарын нығайту – уақыт талабы» атты семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті, ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы-Ректор, академик Ақылбек Күрішбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ҒЗИ директорлары, ауылшаруашылығының көрнекті маман-ғалымдары, өндіріс пен бизнес, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Кеңеске сондай-ақ Түркия, Германия, Чили, Австралия, Пәкістан, Қырғызстан елдерінен келген селекция және тұқым шаруашылығы жөніндегі жетекші шетелдік мамандар, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғалым-зерттеушілері, оңтүстік-шығыс өңірлердегі жергілікті ауыл шаруашылығы басқармаларының және аумақтық инспекциялардың басшылары келді.

 

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Іс-шара аясында көрнекті ғалымдар, бизнес, өндіріс өкілдері және мемелкеттік құрылымдардың жетекшілері ғылым мен өндіріс арасында қуатты серіктестік құру туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, инновациялық жетістіктерді өндіріске енгізу, өзара ынтымақтастықты қолдау және ғылыми-техникалық прогрессті дамыту бойынша баяндамаларын ұсынды.