«ҚазҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС мал шаруашылығы шикізатын өңдеу және сақтау технологиясы зертханасының қызметкерлері «KBS LTD» ЖШС мамандары үшін котлеттер мен ет шұжықтарын дайындау бойынша мастер-класс өткізілді. «KBS LTD» ЖШС Алматы қаласындағы KazBeef компаниясының мәрмәр сиыр етінен жасалған ет өнімдерінің ірі сатушысы болып табылады.
Мастер-класс барысында әртүрлі құрамдағы ет шұжықтары мен котлет өндіру бойынша практикалық сабақтар өткізілді, соның ішінде шикізат рецептері мен шығынын есептеу және ет өнімдерінің дәмін тату ұйымдастырылды. Шикізат пен дайын өнімнің сапасына ерекше назар аударылды. Тартылған ет өндірісін ұйымдастыру мәселелері қаралып, одан әрі ынтымақтастық перспективалары белгіленді.
Мәрмәр сиыр еті өндіруші «KBS LTD» ЖШС-нен алғыс хат алдық. Алдағы біздің ынтымақтастығымызға қуаныштымыз.