Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қарашүкеев Ербол Шырақпаұлының сапары

Қыр 13, 2022
2022 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қарашүкеев Ербол Шырақпаұлының «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Астана филиалына сапары ұйымдастырылды. Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Б.А. Бекбауов және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Д.C. Балпанов, сондай-ақ институт ұжымы қатысты. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің инновациялық даму мәселелері, сондай-ақ саланың перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында Қарашүкеев Е.Ш. орындалатын ғылыми зерттеулер бағдарламаларының нәтижелерімен танысып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу ұйымының даму перспективалары талқыланды.
Ғалымдар 2021-2023 жылдарға арналған АШМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде алынған ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің нәтижелерін ұсынды.Министрдің назарына институттың ғылыми өнімдері ұсынылды: глютенсіз өнім, май өнімдері, құрама жем, өсімдік шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімі, институтты материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи жабдықтар мен материалдар.
Делегация «ҚазҚӨТӨҒЗИ» ЖШС Астана филиалының негізгі бөлімшелерімен танысты:
– Микробиология және тамақ қауіпсіздігі зертханасы;
– Өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу зертханасы;
– Өсімдік шикізатын бастапқы өңдеу зертханасы;
– Майлы шикізатты қайта өңдеу зертханасы.
Институт ұжымы мәртебелі меймандарға өңдеу және тамақ өнеркәсібін индустриялық дамыту шараларын белсендірудегі бастамалары үшін ризашылығын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазҚӨТӨҒЗИ» ЖШС Астана филиалы астық және майлы шикізатты сақтау және қайта өңдеу, ғылыми-технологиялық қамтамасыз етумен,инновациялық технологияларды әзірлеу және қосылған құны бар жоғары технологиялық өнімдерді жасаумен айналысады.