«ҚазҚӨТӨҒЗИ» ЖШС Семей филиалы жоғары білікті мамандар мен ғалымдарды даярлауда Шәкәрім университетімен белсенді және тығыз ынтымақтастықта. Осы бағыттағы елеулі қадамдардың бірі «ҚазҚӨТӨҒЗИ» ЖШС Семей филиалының базасында «Тамақ өнімдерінің технологиясы және биотехнологиясы» кафедрасының филиалын ашу туралы келісімге қол қою болды. Студенттер, магистранттар мен докторанттар шағын шұжық, бәліш және механикалық цехтарда тәжірибелік дағдыларды меңгеруге, институт зертханаларында терең ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады.
Тұрақты негізде Шәкәрім университетінің студенттері, магистранттары және докторанттары үшін ғылыми-зерттеу тәжірибелері ұйымдастырылып, ет және сүт өнімдерін өндіру технологиясы мен жабдықтарын жетілдіру бойынша институттың жетекші ғалымдарымен ғылыми кеңестер өткізілуде. Бұған дейін PhD-докторлық диссертациясын қорғаған Джумажанова М.М., Жұмаділова Г., Бакиева А.Б. және Байқадамов А.М. институт базасында жаңа технологияларды енгізу және жабдықтарды сынау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта докторанттар Қабдылжар Б.Қ. және Бекешова Г., магистранттар Ракимова М. және Есенгелдин С. өз ғылыми жұмыстарын институтымызда атқаруда.
Институтымыздың ғалымдары (А.Қ. Суйчинов, Ж.С. Есімбеков) апта сайын Шәкәрім атындағы университет студенттеріне тамақ өндірісінің технологиясы бойынша дәрістер өткізеді.
Ынтымақтастық нәтижелері отандық және шетелдік индекстелген журналдарда жарияланған бірлескен ғылыми мақалаларда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың ғылыми жобаларын іске асыруда көрініс табады.
ҚазҚӨТӨҒЗИ Семей филиалы мен Шәкәрім атындағы университет арасындағы тығыз академиялық және ғылыми байланыстар білікті ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлау жүйесін кеңейтуге, студенттердің жаңа құзыреттері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Суйчинов А. К., «ҚазОРҒЗИ» ЖШС СФ директоры, PhD докторы
Есімбеков Ж. С., ғылыми жобаның жетекшісі, PhD докторы