ЕТ-ТОҚАШТАРЫН ШЫҒАРАТЫН «СЕМЕЙ БӘЛІШТЕРІ» ШАҒЫН ӨНДІРІСІ

Қаң 31, 2022
🔘27 қаңтарда Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ Семей филиалында (ҚазҚӨТӨҒЗИ СФ) ет тоқаштарын шығаратын » Семей бәліштері» шағын өндірісі, сондай – ақ ет жартылай фабрикаттарының рецептеріне функционалдық қоспа ретінде пайдаланылатын ет-сүйек пастасын шығаратын шағын өндіріс ашылды.
Ет тоқаштары – «Семей бәліштері» – қазақтар ежелден әзірлеп келе жатқан субөнімдер мен қамырдан дайындалған нәрлі өнім. Технология мен рецепттің бірегейлігі нәзік өнімді қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік береді.

Ет-сүйек пастасын өндіру желісі Дүниежүзілік даму банкінің қаржыландыруымен ұйымдастырылған және соңғы өнім ет өнімдері мен жартылай фабрикаттарды өндіретін кәсіпорындарда қолдануға болатын әмбебап қоспа екенін атап өткен жөн.
🔘Сондай-ақ осы күні Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының (СФ ҚазҚӨТӨҒЗИ) Семей филиалы базасында Шәкәрім атындағы университеттің «Тамақ өнімдерінің технологиясы және биотехнологиясы» кафедрасының филиалының ашылуы өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне: Басқарма төрағасы – ректор Ердембеков Б., ҚазҚӨТӨҒЗИ СФ директоры Суйчинов А., Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Молдабаева Ж., Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Ж.Тоқтаров және педагогикалық ұжым.
Шара барысында тараптар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жұмыстар орнату, инженерлік мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және т.б. бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған.