2021 жылғы 14-19 қыркүйек аралығында «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС Астана және Семей филиалы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасының 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде табысты жұмыс тәжірибесі бар шетелдік сарапшының қатысуымен консультация ұйымдастырды. Консультация Семей қаласындағы «Qazaq Astyq Group» ЖШС базасында өтті. Шетелдік сарапшы ретінде өсімдік майын өңдеу саласындағы сарапшы Самбурик Нина Петровна 45 жылдық тәжірибесі бар, май экстракциялық зауыттарда бірнеше зауыт салған. Сонымен қатар, консультацияға Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі – Т. А. Качанова, Семей қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары – Р. О. Рахимбаева, Семей қаласының Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры – А. Б. Жүрсімбаева, «Нұр» ХК агрономы – Н. Теминов, «Приречное агрофирмасы» ЖШС агрономы – А. Мұрат қатысты.
Консультация кезінде зауыт қызметкерлеріне зығыр қайта өңдеудің инновациялық әдістері үйретілді, зығыр өңдеу процесін орнату бойынша ұсыныстар берілді.Шикізатқа, материалдарға, аралық өнімдер мен энергия ресурстарына және зауыт пен майлы шикізатты өндірушілерге майлы дақылдарды өсіру мен өңдеудің ұтымды тәсілдерін қолдану ұсыныстары берілді.