«Талшықтарды өндіру үшін зығыр сабанын қолдану»

Қаз 6, 2021

2021 жылғы 20 тамызда «ҚазҚӨТӨҒЗИ» ЖШС Астана филиалы 267 «білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 100 «агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинардың практикалық бөлігі Солтүстік қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Имантау ауылындағы «Көкше Май» ЖШС базасында өтті. Оқу семинарының ұйымдастырушылары «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ және «Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ»ЖШС Астана филиалы болды.

Оқыту семинарына келушілер қатысты:

  • Сарапшы, ф.ғ.к., генерал «Көкше Май» ЖШС директоры – Казиев З.Б.
  • Оқытушы, магистр, – Далабаев А.Б.
  • Айыртау ауданының әкімі – Бекшенов Е.М.
  • Айыртау облысы әкімінің орынбасары – Жаңапин Е.Ж.

Семинарға 26 адам қатысты, оның ішінде майлы зығыр сабанынан талшықты өңдеу бойынша сарапшы, «Көкше Май» ЖШС басшысы, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан филиалының директоры, Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері, сондай-ақ майлы зығыр өсірумен және өңдеумен айналысатын фермерлік шаруашылықтардың басшылары мен қызметкерлері.