Құрметті отандастар, қадірлі азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке — елдің тұтастығы мен тыныштығын сақтау жолындағы ерлік пен қажырлы еңбектің нышаны. Отанды қорғау — тек қарумен шепте тұру ғана емес, сонымен қатар еліміздің экономикасын нығайту, ғылымын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы айбынды мерекеде Сіздерге сарқылмас күш-жігер, отбасыларыңызға береке мен амандық тілейміз. Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық болсын!
Ізгі ниетпен,
«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұжымы

