Қуатты өңірлік ғылым — қуатты өңір!
2026 жылғы 5-6 мамырда Институтымыз Қызылорда облысында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысына қатысты.
Жиын барысында аймақтық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері және оның әлеуметтік-экономикалық өсудегі рөлі талқыланды.
Сондай-ақ, ғылымды индустрияның технологиялық міндеттері мен өңірлік проблемаларды шешуге бағыттау мәселелері қарастырылды.
Отырыста «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас ғылыми қызметкері Даутканова Дина Рахимкулқызы «Қызылорда облысында астықты өнеркәсіптік өңдеу — экономика секторларының мультипликаторы» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шара аясында ұйымдастырылған көрмеге Институт өз өнімдерімен қатысып, ғылыми әзірлемелерді көпшілік назарына ұсынды.


