Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке — біздің мемлекетіміздің басты құндылықтары болып табылатын бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен ынтымақтастықтың нышаны. Түрлі ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдырған бұл күн — еліміздің гүлденуі мен болашаққа деген сенімін нығайта түседі.
Ғылым мен өндірістің дамуы жолындағы біздің ортақ еңбегіміз де тек ауызбіршілік пен өзара түсіністік бар жерде ғана жемісті болмақ. Осынау шуақты мерекеде Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға құт-береке тілейміз. Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық, бірлігі бекем болсын!
Ізгі ниетпен, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері
ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұжымы

