«Аквашаруашылық: тұрақты өсудің ғылымы, технологиялары және бизнес-модельдері» I Халықаралық форумы

2026 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында Шымкент қаласында балық шаруашылығын дамытудың практикалық мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген балық өсірушілер, сондай-ақ Қытай және Ресей Федерациясынан салалық өкілдер қатысты.

Форум аясында балық өсіру технологиялары, өндірістік шешімдер, шаруашылықтардың тиімділігі және аквашаруашылықты дамыту перспективалары кеңінен талқыланды.

«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС атынан баяндама жасаған Алматы қаласындағы филиалдың ғылыми хатшысы, PhD докторы Бектурсунова Мая Жұмаділовна саланың тұрақты дамуының стратегиялық факторы ретінде отандық балық жемін өндіруді дамыту мәселелерін ұсынды.

Форум аквашаруашылық саласында ғылым мен тәжірибе арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби диалогты дамытуға маңызды алаң болды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top