Химиясыз тағам: Өсімдіктен табиғи консервант алу технологиясы әзірленуде

Жоба тақырыбы: АР26197887 «Тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін юглонды өсімдік көздерінен экстракциялау технологиясын әзірлеу»

Қаржыландыру көзі: Гранттық қаржыландыру. Жүзеге асыру мерзімі: 2025–2027 жж.

Өзектілігі: Зерттеудің өзектілігі иммунитетті ынталандырушы әсері бар функционалды тағам өнімдері мен табиғи биологиялық белсенді қоспаларға деген сұраныстың артуымен негізделген. Антиоксиданттық және антимикробтық қасиеттерге ие юглон тағам қауіпсіздігін арттыру және сақтау мерзімін ұзарту үшін табиғи консервант ретінде зор әлеуетке ие. Сондықтан оны өсімдік көздерінен экстракциялау технологиясын әзірлеу тамақ өнеркәсібі үшін сұранысқа ие бағыт болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Юглонды экстракциялаудың тиімді технологиясын жасау, өсімдік көздерінен жоғары сапалы юглон алу үшін оңтайлы экстракция әдісін әзірлеу, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде қолдану мақсатында юглонның антимикробтық және антиоксиданттық қасиеттерін зерттеу.

2025 жылғы ҒЗЖ (ғылыми-зерттеу жұмыстарының) нәтижелері:

  1. Қолданыстағы экстракциялау әдістеріне талдау жасалған аналитикалық шолу жүргізілді.

  2. Құрамында юглон бар түрлі өсімдік көздері зерттеліп, олардан аталған қосылысты алу әлеуеті анықталды.

  3. Юглонның максималды шығымы мен тазалығын қамтамасыз ететін экстракциялаудың оңтайлы жағдайларын (уақыт, температура, еріткіштер қатынасы) анықтау аясында эксперименттік зерттеулер жүргізілді.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top