Институтымыздың Семей филиалында вебинар өткізілді

Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының Семей филиалында құс етін  қайта өңдеу тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинарға қатысушылары теориялық білім алып ғана қоймай, сондай-ақ материалды практикалық зерттеу үшін шұжық цехының базасында JMS-80 күш ұсақтағышында құс етінің ет-сүйек шикізатынан ет-сүйек пастасын алу процесі көрсетілді.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға іс жүзінде; ет-сүйек шикізатын терең өңдеу, құс еті мен қосалқы өнімдер қосылған шұжық өнімдерін өндіру және құс өңдеу саласының қайталама өнімдерін қайта өңдеу технологиясы процестері көрсетілді.

Вебинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top