Біздің институт Селангор Халықаралық бизнес-саммитіне қатысты.
Бизнес алаң сауда палаталары мен ұйымдардың, халықаралық инвесторлардың өкілдерін жинады. Қазақстан тарапынан Ғылым қорының, Алматы технологиялық университетінің, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер қатысты.
Шара барысында Ғылым қоры халықаралық нарыққа шығу жобаларын коммерцияландыру мен жәрдемдесу мақсатында, Малайзиялық Malaisia International trade and investment chamber (MITIC), Австралиялық Australian Trade andInvestment Commission сауда кәсіпорындарымен қарым-қатынасты нығайтты.