Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің міндеттері:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенске келесі функциялар жүктелген:
- Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік саласындағы стандарттар мен саясаттарды әзірлеу және жаңарту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және шешу бойынша шаралар қабылдау;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар санатына жататын Серіктестік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қадағалау;
- корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту;
- копоративтік этикалық құндылықтарды дамыту;
- серіктестік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексін сақтауын бақылау;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлық және/немесе оларға қатысу фактілері туралы арыздар (шағымдар) бойынша ішкі аудит жүргізу;
- серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты үйлестіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер бойынша сот тәжірибесіндегі өзгерістерді бақылау және талдау.