«ҚАЗАҚ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТАҒАМ ӨНЕРКӘСІПТЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС
Институт агроөнеркәсіп кешенін қайта өңдеу және тағам өнімдерін өндіру мәселелерін шешуде Қазақстанның жетекші ғылыми мекемесі болып табылады.
ҚҚӨжТӨҒЗИ құрамына Алматы қаласында орналасқан Бас институт, Астаналық және Семей филиалдары кіреді.
Бас институттың және оның бөлімшелерінің құрамында ғылыми және жобалық зертханалар, тәжірибелік өндірістер бар.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ БАҒЫТТАРЫ:
-
Қайта өңдеу және тағам өнеркәсібінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдаланудың тиімділігін бағалау, жануарлар мен өсімдік шикізатынан, соның ішінде наубайханалық, кондитерлік, жеміс-көкөніс, ет-сүт, ашыту, сыра-алкогольсіз сусындар, шарап жасау, құрамажем және басқа да салаларға арналған жаңа жабдық пен азық-түлік өндірістерінің технологияларын жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстарды орындау
-
Функционалдық мақсаттарда жаңа азық-түліктерді алу үшін өсімдік пен жануарлар шикізатын терең және кешенді қайта өңдеу үшін оңтайлы технологиялық режимдерді және жабдықтарды жобалауды қалыптастыру, соның ішінде шикізат пен азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық өнімдерді, сондай-ақ тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды
-
Тағам өнеркәсібі үшін микроағзалардың тектік қорын (генофонды) қалыптастыру, сақтау және дамыту
-
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» КеАҚ («ҰАҒБбО» КеАҚ) институттарымен бірге құрамажем мен жаңа азық-түлікті өндіру және өсімдік пен жануарлар шикізатын терең қайта өңдеудің технологияларын әзірлеу және бастапқы талаптарын негіздеу
-
Агроөнеркәсіп кешенін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету
-
Тағам өнімдерін өндірудің заманауи әдістері мен технологияларының трансферті және бейімделуі
Институттың ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі өте мол және қызметкерлердің біліктілік деңгейі жоғары, институтта 126 қызметкерлер жұмыс істейді: олардың ішінде: ғылыми қызметкерлер – 79, ғылым докторлары – 9, оның ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, ғылым кандидаттары-8, PhD-6, магистранттар – 38.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Бас институттың 5 ғылыми-зерттеу зертханалары, тиісті материалдық-техникалық базасы бар:
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы зертханасы
-
Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы зертханасы
-
Наубайхана өндірісінің технологиясы зертханасы
-
Биотехнология, сапа және тағам қауіпсіздігі зертханасы
-
Құрамажем және астық өнімдері технологиясы зертханасы
Наубайхана цехы, зерттеу және тәжірибелік зертханалық желілері – шұжық өндіру желісі, сүтті қайта өңдеу желісі, құрамажем және жемдік қоспалар өндірісі бойынша желілер бар.
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі №830 «Микроағзалардың республикалық жинағы туралы» қаулысымен институттың базасында тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін микроағзалардың ресми Депозитари жинағы әрекет етеді (АӨК). Сақтау және зерттеуге арналған жинақтарда 2000-нан астам микроағзалардың мәдеиеттерінің бірліктері сақтауға орналасқан. Ресми депозитарий бола отырып, ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдардан микроағзалардың мәдениеті жинаққа қабылданады. Институттың ғылыми зерттеулерінде (мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және балық шаруашылығы үшін препараттар, бидай және қара бидай нандары үшін ашытқылар және т.б.) жаңа препараттар мен ашытқыларды жасау үшін коллекциялық дақылдар пайдаланылады.