Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының Семей филиалында құс етін қайта өңдеу тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинарға қатысушылары теориялық білім алып ғана қоймай, сондай-ақ материалды практикалық зерттеу үшін шұжық цехының базасында JMS-80 күш ұсақтағышында құс етінің ет-сүйек шикізатынан ет-сүйек пастасын алу процесі көрсетілді.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға іс жүзінде; ет-сүйек шикізатын терең өңдеу, құс еті мен қосалқы өнімдер қосылған шұжық өнімдерін өндіру және құс өңдеу саласының қайталама өнімдерін қайта өңдеу технологиясы процестері көрсетілді.
Вебинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.