17 қыркүйекте Қытайдың Шыңжаң ауылшаруашылық университетінен (Xinjiang Agricultural University) қонақтар жұмыс сапарымен келді.
Іс-шара аясында зертханаларға экскурсия ұйымдастырылды. Біздің ғалымдар өз өнімдерін көрсетіп, олардың ерекшеліктері туралы айтып берді.
Қытай делегациясының өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен қызығушылық танытты.
Қытай ғалымдары біздің жеміс-көкөніс шырындары, джемдер және пектинмен байытылған пюре технологияларына қызығушылық танытты.