«Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» Семей филиалының қызметкерлері «Ғылым мен өнеркәсіпке арналған шешім. Заманауи зертханалық жабдық» атты «Distritech» халықаралық компаниясы ұйымдастырған ғылыми-практикалық семинарға қатысты.
«DistriTech» – зертханалық, биоаналитикалық және өнеркәсіптік жабдықтардың мамандандырылған жеткізушісі, сонымен қатар жоғары сапалы зертханалық жиһаздың мамандандырылған өндірушісі.
«DistriTech» Орта Азия аумағындағы ҒЗИ, ЖОО, өндіруші кәсіпорындар, тамақ өнеркәсібі және медициналық мекемелер үшін зертханалық және биоаналитикалық жабдықтардың 50-ден астам жетекші өндірушілерінің ресми жеткізушісі болып табылады.
Спикерлер спектрлік және хроматографиялық талдауға арналған заманауи аспаптарды көрсетті. Тамақ және фармацевтика өнеркәсібіне, биотехнологиялық өндірістерге және машина жасауға арналған зертханалық жабдықтардың жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, экологиялық мониторинг жүргізу үшін топырақ пен су анализаторлары туралы айтылды.