Ғылым қоры «Коммерцияландыру реакторы» карсаңында «АӨК саласындағы ҒҒТҚН коммерцияландыру мәселелері» тақырыбында ТСР диалогтық, алаңын ұйымдастырды. Ісшара Қазакстан Республикасы Президентінін жаныдағы Ұлттық Ғылым академиясымен және «Қазак ұлттық, аграрлык зерттеу университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.
Диалог алаңының жұмысына Ұлттык Ғылым академиясының ғалымдары, Қазак ұлттык, аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, егіншілік жене өсімдік шаруашылыгы, өсімдіктерді қорғау және карантин, малшаруашылығы және жемшөп өндірісі, жеміс-жидек және көкеніс шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, агробизнес, шаруа жане фермер қожалықтарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жоғары технологиялық өнімдерді ілгерілету болашағы мен технологияларды коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін талқылады. Өсімдік шаруашылығы, малшаруашылығы, ветеринария, ауылшаруашылығы шикізаттарын қайта өндеу, ауылшаруашылығы процестерін автоматтандыру салаларындағы технологияларды коммерцияландыру және т.б. мәселелер талқыланды.