Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде түлектерге арналған бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – түлектерге жұмыс табуға көмектесу және жұмыс берушілерге агроөнеркәсіптік секторында жұмыс істегісі келетін үміткерлерді табуды жеңілдету.
Ашылу салтанатын Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары – Провост м.а., экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ашты. Сөз барысында жұмыс берушілерге көрсеткен қолдаулары мен таңдаулары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ «ЖОО-ның міндеті аграрлық секторды білікті мамандармен қамтамасыз ету» екендігін баса айтты.
Жәрмеңкеге университетімізде білім алып жатқан барлық БББ бойынша 100-ден астам кәсіпорындар (ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, өңдеумен және экспорттаумен айналысатын) қатысты. ҚазҰАЗУ бітірүші түлектеріне 1000-нан астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Еңбек нарығында механикаландыру, экология, ақпараттық технологиялар, агроинженерия, ветеринария, орман, су ресурстары, бизнес әкімшілендіру бойынша аграрлық білім беру бағдарламалары үлкен сұранысқа ие екендігіне куә болдық.
Түлектер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындарымен танысып, өз түйіндемелерін ұсына алды. Сондай-ақ сұхбаттасудан өтуге мүмкіндіктері болды.