Сәуір айының 20-21 жұлдыздары аралығында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қабырғасында, Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері, академик Қалдыбек Сәбденұлы Сәбденовтың 90 жылдығына арналған «Ғылымдағы сабақтастық – аграрлық ғылым мен өндірістің тұрақты дамуының негізі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған ауқымды іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, еліміздің жас ғалымдар кенестері, ғылыми қауымдастықтар, орталықтар, алыс және жақын шет елдердің жетекші жас ғалымдары (АҚШ, Қытай, Польша, Австрия, Пәкістан, Түркия, Ресей, Белорусь, Өзбекістан, Түркменістан, Қырғызстан), ҚР ЖОО ректорлары, F3И директорлары, жас ғалымдар кеңестерінің төрағалары, мүшелері, өңірлік ЖОО студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында 8 секциялық отырыс өтті. «Ауыл шарушылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ қауіпсіздігі» секциясына, «Азық мақсаты үшін құс еті қосымша өнімдерді өңдеу» тақырыбымен Семей қаласының филиалынан – Акимова Динара және Алматы қаласынан, «Сақтау процесінде экструдталған құрама жем сапасының көрсеткіштері» тақырыбымен – Қасымбек Рабиға қатысты.
Халықаралық, ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші күнінде, халықаралық және отандық жетекші жас ғалымдары шеберлік сағаттарын өткізіп, ҚазҰАЗУ инновациялық орталықтары мен зертханаларымен аралап, таныстыру жүргізілді. Жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Конференцияның негізгі мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми шығармашлық, әлеуетін
арттыру, қолдау, дамыту, заманауи аграрлық, ғылымдары өзекті мәселелерді шешуге жұмылдыру болып табылады.
Шара соңында секциялық жұмыстардың нәтижелері бойынша үздік баяндамалар таңдап алынып, бағалы сыйлықтар мен I, II, |II дережелі дипломдармен марапатталды.