24.12.21ж. Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институты Семей қаласының филиалында ҚазҚӨТӨҒЗИ Басқарма Төрағасы А.Б.Оспановтың қатысуымен Ғылыми кеңес отырысы өтті, филиал директоры А.К. Суйчиновтың ғылыми-өндірістік қызметі туралы баяндамасы тыңдалып, СФ 2022 -23 ж. арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.Семей филиалының қызметін қорытындылай келе, Басқарма Төрағасы А.Б.Оспанов зерттеу тобының жетекшісі, т.ғ.к. Сыдықова Гүлжамал Ерғалиқызына
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш.Қарашүкеев қол қойған ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті,сондай-ақ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Басқарма Төрағасы Г.С.Исаеваның атынан PhD докторы,СФ директоры Суйчинов Ануарбек Қазисұлы және аға ғылыми қызметкер Смағұлова Зауреш Тұрсынханқызына «Құрмет грамотасы» табыс етілді.