ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ АҚШ-ТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАКАТОНДА БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты Алматы филиалының аға ғылыми қызметкері Нұржан Тұлтабаев NOMAD FoodGuard AI командасының құрамында 13–15 қараша күндері АҚШ-та өткен Precision & Digital Agriculture Hackathon 2026 халықаралық хакатонында бірінші орынға ие болды.

Іс-шара Иллинойс университетінің (University of Illinois Urbana-Champaign, UIUC) Цифрлық ауыл шаруашылығы орталығының (Center for Digital Agriculture) ұйымдастыруымен өтті. Байқауға ауыл шаруашылығы, тағам технологиялары және жасанды интеллект салаларындағы инновациялық шешімдерін ұсынған 34 команда қатысты.

NOMAD FoodGuard AI командасы небәрі 16 сағат ішінде тағам өнімдерінің бұрмалануын анықтауға, бөгде қоспаларды табуға және олардың мөлшерін бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама әзірлеп, жасанды интеллект моделін оқытты. Жобаның тиімділігі ұнтақталған даршын мысалында көрсетілді.

Байқау қорытындысы бойынша команда «Food, Supply Chain & Agricultural Systems» (Азық-түлік, жеткізу тізбегі және ауыл шаруашылығы жүйелері) бағыты бойынша бірінші орынды иеленді. Жобаның негізгі тұжырымдамасы — «Consumer Safety First», яғни «Тұтынушы қауіпсіздігі – басты назарда».

Қазіргі уақытта Нұржан Тұлтабаев «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Иллинойс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, тағам өнеркәсібінде жасанды интеллект технологияларын қолдану және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында білімін жетілдіруде.

Бұл жетістік қазақстандық ғалымдардың жоғары ғылыми әлеуетін және отандық тағам өнеркәсібіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің кең мүмкіндіктерін көрсетеді.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top