ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ЧЕХИЯДАҒЫ МЕНДЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ТАҒЫЛЫМДАМА

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері Чехия Республикасының Брно қаласындағы Мендель университетінде ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында институт қызметкерлері университеттің Аграрлық ғылымдар факультетінің ғылыми-зерттеу және білім беру қызметімен танысып, келесі бағыттар бойынша тәжірибе алмасты:

Тағам шикізатын қайта өңдеу және азық-түлік өндіру технологиялары;
Жемшөп өндірісі және жемшөп биотехнологиясы;
Мал шаруашылығы және сүт өндірісі;
Балық шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологиялары;
Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.

Сонымен қатар қатысушылар университеттің ғылыми-зерттеу және өндірістік нысандарын аралап, инновациялық технологиялардың тәжірибеде қолданылуымен танысты.

Тағылымдама қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қазақстан мен Чехияның ғылыми ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

Аталған тағылымдама халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және отандық тағам және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top