Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, мол тәжірибелеріңіз бен еліміздің дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз – кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Сіздердің білімдеріңіз бен парасат-пайымдарыңыз жас ғалымдарға әрдайым бағыт-бағдар береді.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Ізгі құрметпен,
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ ұжымы

