Ғылым мен бизнестің тоғысуы. Шығыс Қазақстан облысында “ҚазҚӨжТӨ ҒЗИ” әзірлемелерін коммерцияландыру мәселелері талқыланды

14 сәуір күні «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Жергілікті агрокомпанияларды «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғылыми қызметімен және коммерцияландыру жобаларымен таныстыру» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Бұл іс-шара өңірдің агроөнеркәсіптік секторына инновацияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін ғылым, бизнес және даму институттары өкілдерінің басын қосқан маңызды диалог алаңына айналды. Жиын барысында институт қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мен оларды өндіріске енгізу тетіктері таныстырылды.

Кездесуді «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС @agroinnovation2009 Басқарма төрағасының орынбасары Е.М. Айткенов құттықтау сөзімен ашып, инновациялық жобаларды қолдау мен ілгерілетудегі ұйымның рөлін атап өтті.

«ҚазҚӨжТӨ ҒЗИ» ЖШС Басқарма төрағасы Ж.З. Уразбаев институттың қазіргі қызметіне тоқталып, жүзеге асырылып жатқан стратегиялық ғылыми зерттеулер мен заманауи әзірлемелер туралы баяндама жасады.

«ҚазҚӨжТӨ ҒЗИ» ЖШС Семей филиалының директоры А.К. Суйчинов ғылыми шешімдерді коммерцияландыру мәселелеріне және олардың агробизнес үшін практикалық маңыздылығына егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар, институттың Коммерцияландыру офисінің басшысы А.Ж. Кулмаков институттың инновациялық әлеуетін және ғылыми жобаларды нарыққа шығарудың тиімді жолдарын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізудің өзекті мәселелерін талқылап, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуға уағдаласты.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top