«Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алматы филиалы 9 сәуір күні ҚР Ғылым қызметкерлері күніне орай КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» ұйымдастырған «Цифрлық аграрлық ғылым: жасанды интеллект дәуіріндегі білім, зерттеу және өндіріс синергиясы» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында ғылым мен өндірістің интеграциясы, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті аграрлық салада тиімді қолдану мәселелері кеңінен талқыланды.
Шара аясында институтымыздың ғылыми әлеуетін айқындайтын маңызды жетістіктер атап өтілді:
– институттың көрнекті ғалымы Чоманов Уришбай Чоманович «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды;
– жас ғалым Велямов Шухрат Масимжанович жоғары кәсіби жетістіктері үшін Алғыс хатқа ие болды.
Ғылыми қызметкерлерімізді жоғары марапаттарымен құттықтай отырып, олардың ғылымды дамыту жолындағы еңбектеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!



