10 сәуір күні Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты ЖШС Алматы филиалы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шараға қатысты.
Бұл күн – ғылым жолында еңбек етіп жүрген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбегін дәріптейтін маңызды мереке. Іс-шара барысында ғылыми қызметкерлердің ел дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтіліп, олардың инновациялық идеялары мен ізденістеріне жоғары баға берілді.
Ұйымдастырылған көрмеде институтымыздың ғылыми қызметкерлері өздерінің өндіріске енгізілген әзірлемелерін таныстырып, олардың практикалық маңызын көрсетті.
Бұл – ғылым мен өндірістің тығыз байланысының нақты көрінісі.
Ғылым – прогрестің қозғаушы күші. Ал оны алға жетелейтін – білікті әрі табанды ғылыми қызметкерлер.



