Халықаралық әйелдер күні қарсаңында отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген нәзік жанды ғалымдарымызбен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін зор мақтанышпен техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Кененбай Гүлмира Серікбайқызы туралы айтқымыз келеді. Гүлмира Серікбайқызы ғылым саласына 19 жылын арнап, осы уақыт ішінде 100-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде халықаралық беделді басылымдарда 19 мақала және 3 монография жариялады. Сондай-ақ, ол 7 патенттің, оның ішінде бір еуразиялық патенттің авторы. Оның жетекшілігімен ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландырған маңызды жобалар сәтті жүзеге асып, бүгінгі таңда 3 ғылыми зерттеудің нәтижесі коммерцияландырылып, өндіріске енгізілді.
Оның қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, әр жылдары
⚜️«ҚР Еңбек сіңірген педагогі»,
⚜️«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»,
⚜️«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ
⚜️«Еңбек ардагері» медалімен және аграрлық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Құрметті Гүлмира Серікбайқызы, сізді келе жатқан көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің ғылымдағы табандылығыңыз, кәсібилігіңіз бен жетістіктеріңіз — көпке үлгі. Сізге мықты денсаулық, еліміздің игілігі жолындағы ауқымды жобаларыңызға толағай табыс тілейміз!


