Сүт өнімдерінің мінсіз құрылымы мен жоғары биологиялық құндылығын үйлестіру — заманауи тағам өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі.
Біздің зерттеулерімізде осы мәселенің тиімді шешімі табылды: жидектер мен көкөністердің криоұнтақтарын қолдану.
Бұл неге маңызды және ол қалай жұмыс істейді? 🥕🥛
🔹 1. Мінсіз құрылымды қалыптастыру.
Көптеген сүт өнімдерінің басты технологиялық мәселесі — жасанды тұрақтандырғыштарсыз тығыз, тұтқыр консистенцияны алу. Біздің зерттеулеріміз криоұнтақтардың ылғал ұстау қасиеттері өте жоғары екенін көрсетті. Олар табиғи құрылым түзуші ретінде жұмыс істейді.
🔹 2. Максималды тағамдық құндылық
Кәдімгі сироптар мен тәттілендіргіштерге қарағанда, криоұнтақтар криогендік кептіру әдісімен алынады. Бұл технология бастапқы витаминдердің, минералдардың және антиоксиданттардың 98%-на дейін сақтауға мүмкіндік береді.
Мұндай компонентті сүзбе негізіне қосу арқылы біз тек дәм немесе түсті өзгертпейміз. Біз өнімді функционалды түрде байытамыз:
✅ Тағамдық талшықтармен қанықтырамыз.
✅ Табиғи антиоксиданттардың (атап айтқанда, β-каротин) мөлшерін арттырамыз.
✅ B, C және E тобындағы витаминдерді сақтаймыз.
💡 Қорытынды: Криоұнтақтарды қолдану дәстүрлі сүзбе өнімін функционалды суперфудқа айналдіруға мүмкіндік береді.

