16 желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер және қадірлі ғалымдар!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 34 жыл толып отыр. Осындай мерейлі кезеңде еліміздің гүлденуі мен өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан барша азаматтарды, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына зор еңбек сіңіріп, жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерді қалыптастыруға атсалысып жүрген ғалымдарымызды ерекше ризашылықпен құттықтаймыз. Ғылыми қауымдастықтың ұмтылысы, үздіксіз ізденісі мен жаңашыл идеялары Тәуелсіз Қазақстанды жаңа белестерге жетелеп келеді.

Тәуелсіздік жылдарында ғылым мен білім саласында бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асып, еліміздің ғылыми әлеуеті айтарлықтай артты. Зерттеу инфрақұрылымының дамуы, жас ғалымдардың ғылымға келуі және халықаралық әріптестіктің кеңеюі-біздің ортақ табысымыз. Отандық ғылым-мемлекеттілігімізді нығайтатын, қоғамды алға жетелейтін стратегиялық күш.

Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың асыл мұраты-азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.

Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Ізгі ниетпен, “Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зеттеу институты” ЖШС

Оразбай Жұматай Зейноллаұлы

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top