Ғылыми әрістестік. Ташкентте өткен ғылыми тағылымдама

Ғалымдарымыз Сагындыков У.З., Альжаксина Н.Е., Султанова М.Ж. және Сәдуақас А.С. 2025 жылдың 20–29 қарашасы аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Оқыту бағдарламасы Ташкент химия-технология институтында (ТХТИ) 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру аясында жүргізілді.

Тағылымдама келесі ғылыми бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
• «Юглонды ультрадыбыстық экстракциялау: параметрлерін, еріткіштерін және масштабтау мүмкіндіктерін зерттеу»;
• «Өсімдік экстракттарымен байытылған құрғақ сүт өнімдерін алу үшін сублимациялық кептіруді қолдану».

72 сағаттық тағылымдама барысында қатысушылар ультрадыбыстық экстракцияның теориялық негіздерімен, ультрадыбыстық жабдықтармен жұмыс істеу қағидаларымен, УД-экстракцияның технологиялық параметрлерімен, оның ішінде оптимизация және модельдеу тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ ультрадыбыстық процестерді зертханалық деңгейден өндірістік масштабқа дейін кеңейту әдістері қарастырылды.

Қатысушылар сүт өнімдерін сублимациялық кептірудің негізгі кезеңдерімен: мұздату режимдерімен, бастапқы және қайталама кептіру сатыларымен, сондай-ақ HACCP, ISO 22000, Codex Alimentarius және санитарлық нормалар талаптарымен танысты.

Тағылымдаманы ТХТИ-дің «Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры Джахангирова Г.З. жүргізді. Ол қатысушыларды «Астық және астық өнімдері технологиясы», «Майлар мен тоң майлар технологиясы» бағыттары бойынша жабдықталған зертханалармен және қолданылатын техникалармен таныстырды.

Тағылымдама аясында ТОО «ҚазҚӨжТӨ ҒЗИ»мен Ташкент химия-технология институты арасында ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top