Институттың Алматы қаласындағы филиалының ғалымдары Бейжіңде (Қытай Халық Республикасы) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты — озық технологияларды меңгеру, ғылыми тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту болды.
Делегация құрамында:
-
«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС филиалының директоры Умиралиева Ляззат Бекеновна
-
Аға ғылыми қызметкер Шоман Асия
-
Аға ғылыми қызметкер Тұлтабаев Нұржан
🔬 Тағылымдама бағдарламасының негізгі кезеңдері:
-
Institute of Food and Nutrition Development (Азық-түлік және тамақтануды дамыту институтына) бару. Делегация институттың құрылымымен, зерттеу бағыттарымен, жаңа тағам өнімдерін әзірлеу тәсілдерімен және оларды сынаудың ғылыми-әдістемелік негіздерімен танысты.
-
Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының инновациялық әзірлемелерін зерделеу. ҚХР өнеркәсіп секторында қолданылатын тамақ технологиялары, биотехнология және нутрициологиялық шешімдер саласындағы соңғы жетістіктер қаралды.
-
Азық-түлік және нутрициологиялық әзірлемелер институтының ғылыми-зерттеу зертханасының қызметімен танысу. Институт қызметкерлері зерттеу жабдықтарын, зертханалық талдау әдістерін және өнім сапасын бағалаудың заманауи хаттамаларын көрсетті.
-
JINSHAHE Institute-та ғылыми-тәжірибелік талқылау. Тараптар ағымдағы ғылыми жобалардың нәтижелерімен алмасып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау саласындағы технологиялық шешімдерді және саланың даму үрдістерін талқылады.
-
Beijing Technology and Business University-дегі дөңгелек үстел. Тамақ ғылымын дамыту, бірлескен зерттеулерді жүргізу және жобаларды ұсыну перспективалары, ғылыми кадрларды даярлау стандарттары және университеттер мен ғылыми институттар арасындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
-
COFCO Nutrition and Health Research Institute-пен дөңгелек үстел. Қатысушылар тағам өнімдерінің сапасын, қауіпсіздігін және функционалдығын қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдерді қарастырып, алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар осы тағылымдаманың бірлескен ғылыми-инновациялық және енгізу жобаларын іске асыру бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастықтың негізін қалайтынына сенім білдірді.




