Берлиндегі ғылыми-зерттеу тағылымдамасы
Ғалымдарымыз Курманбаева Анар Идашқызы мен Тултабаев Мұхтар Чуманович 2025 жылдың 27 қыркүйегінен 5 қазанына дейін Берлин қаласында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
Оқу Берлиндегі Гумбольдт атындағы университет жанындағы салалық қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында жүргізілді. Тағылымдама тақырыптары:
«Шығу тегі сафлора майына негізделген жаңа функционалды тағам өнімдерінің технологиясын әзірлеу», сондай-ақ
«Жеміс-жидек ұнтақтары қосылған дәруменделген, глютенсіз экструдатталған снэктерді жасау».
40 сағаттық бағдарлама аясында қатысушылар функционалды тағам өнімдерінің сапасын стандарттау және бағалаудың еуропалық тәсілдерімен танысып, рецептуралық әзірлеудің заманауи технологияларын меңгерді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің «жасыл» технологияларға көшу жолдары мен тұрақты даму қағидаттары бойынша білім алды.
Тағылымдама 2025 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Humboldt-Innovation GmbH мекенжайы бойынша (Ziegelstr. 30, 10117 Berlin) сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтті.
Оқыту процесін профессор, техника ғылымдарының докторы Юрий Романович Плоткин, профессор, медицина ғылымдарының докторы Наталья Михайловна Левченко және шақырылған лектор Abigail Johnson жүргізді.
Курс соңында тағылымдама қатысушыларына белгіленген үлгідегі біліктілік арттыру сертификаттары табысталды.






