Қазан айының алғашқы күндерінде біз жоғары білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен және Қарттар күнімен құттықтап, ғалымдарымыз бен ардагерлерімізге ерекше құрмет көрсеттік.
Ұзақ жылдар бойы білім мен ғылымға адал қызмет еткен жандарға алғысымызды білдіріп, олардың еңбегін, өмірлік тәжірибесін және рухани байлығын жоғары бағаладық. Бұл күн — ұрпақтар сабақтастығы мен адамдық жылылықты сезінген ерекше сәт болды.
📸 Құттықтау сәттерінен естелік суреттермен бөлісуді жөн көрдік.


