


Кененбай Гүлмира Серікбайқызы 2025 жылғы 3-8 тамыз аралығында Жирона Конгресс сарайының (Испания) конференц-залында өткен Ет өнеркәсібінің ғылымы мен технологиялары жөніндегі 71-ші Халықаралық конгреске (ICoMST) қатысты.
ICoMST-жыл сайын 30-дан астам елден 600-ден астам қатысушыны жинайтын Ет өнеркәсібі ғылымы мен технологиясы саласындағы жетекші халықаралық форум. АҚШ, Корея, Жапония, Испания, Франция, Германия және басқалары сияқты. Конгресс ет жеткізу тізбегіндегі зерттеушілер мен компанияларға өзекті мәселелерді талқылауға, ақпарат пен идеялармен алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға және құнды кәсіби тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл іс-шара жаңа идеяларды қалыптастыруға, білімді кеңейтуге және ынтымақтастық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.

