Құрметті Уміралиева Ләззат Бекенқызы, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаныңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 шілдедегі № 1302 бұйрығымен Л.Б. Умиралиеваға 40504 – мультидисциплинарлық ауыл шаруашылығы ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Сізге зор денсаулық, ғылыми қызметте шығармашылық идеяларды жемісті іске асыру, ең батыл жобаларды іске асыруда табыс, үлкен мақсаттарға қол жеткізуде табандылық тілейміз.

