🔷2023 жылдың 27 маусымында Талдықорған қаласында «Ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалы және даму жолдары» атты семинар-кеңес өтті.
🔷Семинар-кеңеске қатысушылар түрлі саладағы табиғи өнімдер мен ғылыми әзірлемелер қойылған Ғылыми-зерттеу институттарының жетістіктер көрмесімен танысып, жоғары баға берді.
🔷Жиынды қорытындылай келе, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ҚазҰАЗУ басшылығының тың ұсынысын қолдай келе, Талдықорған қаласында фермерлерге қызмет көрсететін «Білім тарату орталығын» немесе университет филиалының ашылуына барынша мүмкіндік жасауға дайын екендігін жеткізді.
🔷Жаңа құрылымдық бөлімшенің миссиясы – агросаланың қажеттілігіне қарай, АӨК субъектілеріне оқыту іс-шараларын жүргізу және кеңес беру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи, тиімді технологияларды, инновацияларды тарату және енгізу.