2026 жылғы 23 қарашада Құрылтайдың аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің депутаттарына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-инновациялық әзірлемелер таныстырылды.
Аталған іс-шараға Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты қатысып, өзінің инновациялық әзірлемелерін ұсынды.
Институттың Басқарма төрағасы Ж.З. Уразбаев депутаттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің заманауи технологияларын және инновациялық тағам өнімдерін таныстырды. Сонымен қатар ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу және коммерцияландыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Іс-шара желтоқсан айына жоспарланған «Агроөнеркәсіптік кешен ғылымын коммерцияландыру және технологиялар трансфері мәселелері» тақырыбындағы комитет отырысына дайындық аясында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агротехнопаркі базасында ұйымдастырылды.



