Қазақстан мен Қытай аграрлық ғылым саласындағы жаңа серіктестік

2026 жылғы 16 маусымда «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» базасында ҚХР ШҰАР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының делегациясымен ресми кездесу өтті. Делегацияны вице-президент Дай Чжуншэн бастап келді.

Кездесу барысында тараптар аграрлық ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, ғылыми зерттеулерді тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Институт ғалымдары өздерінің инновациялық әзірлемелерін таныстырып, ғылыми жетістіктердің нәтижелері туралы баяндады. Өз кезегінде Дай Чжуншэн Қытай Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының қызметі мен негізгі ғылыми жетістіктеріне тоқталып, аграрлық сектордағы ғылыми инновациялар мен өңірлік даму бағыттарында тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, академиялық алмасу және аграрлық экономика мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттарын айқындады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top