Құрметті әріптестер !
Сіздерді 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Ғылым күні кәсіби мерекесімен «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын!
Ғылым – кез келген мемлекеттің дамуы мен ілгерілеуінің негізгі қозғаушы күші. Бүгінгі таңда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімнің сапасын арттыруда және қайта өңдеу саласына инновациялық технологияларды енгізуде Сіздердің атқарып жатқан еңбектеріңіз өлшеусіз.
Біздің институттың ғылыми әлеуеті мен жетістіктері – әрбір ғалымның қажырлы еңбегі мен өз ісіне деген адалдығының жемісі. Алдағы уақытта да бірлесе атқаратын жұмыстарымыз еліміздің экономикалық қуатын нығайтуға және ғылым саласының беделін асқақтатуға қызмет ететініне сенімдімін.
Ізгі ниетпен,
«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Басқарма төрағасы
Оразбай Жұматай Зейноллаұлы

