«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Алматы филиалының ғалымдары белсенді атсалысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы еліміздің әрбір өңірінде кең қанат жаюда. Осы игі бастама аясында Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының Алматы филиалының ұжымы сенбілікке шықты.

Институт ғалымдары мен қызметкерлері тек зертханада ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытты. Сенбілік барысында филиал аумағын толық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Президент атап өткендей, тазалық — бұл тек сыртқы көрініс емес, бұл әрбір азаматтың ішкі мәдениеті мен қоршаған ортаға деген құрметі.

«Біз мемлекетіміздің экологиялық саясатын толық қолдаймыз. «Таза Қазақстан» — бұл уақытша науқан емес, бұл біздің өмір салтымыз болуы тиіс. Ғылым өкілдері ретінде біз қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамаймыз», — дейді филиал ғалымдары.

«ҚазҚӨжТӨ ҒЗИ» ұжымы осындай игі істердің жалғаса беретінін және тазалықты сақтау — әрбір қазақстандықтың міндеті екенін мақтанышпен жеткізеді.

 

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top