Құрметті отандастар, қадірлі әріптестер!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен ынтымақтың мейрамы. Табиғат оянып, тіршілік түрленетін бұл шақ халқымыз үшін қашанда береке мен молшылықтың бастауы болған.
Еліміздің тамақ өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы біздің де басты мақсатымыз – халқымыздың дастарқанын сапалы, қауіпсіз әрі пайдалы өніммен байыту, ел ырысын еселей түсу. Осы ортақ істегі еңбектеріңіз табысты болып, жаңа бастамаларыңыз тек жемісін берсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ
Басқарма басшысы Оразбай Ж.З.

