Ғылым мен өндіріс ынтымақтастығы: “Adal As” компаниясы физика-химиялық жаңа зерттеу орталығын ашты

Азық-түліктің сапасы тек өндіруші үшін емес, ең алдымен тұтынушы үшін маңызды. Себебі біз күнделікті тұтынатын тағам денсаулығымызға тікелей әсер етеді.

Осы мақсатта «Адал ас» компаниясы өнім қауіпсіздігі мен сапасына деген жауапкершілікті күшейту үшін арнайы зерттеу орталығын ашты.

Жақында «Адал ас» компаниясында «Тамақ өнімдерін физика-химиялық әдістермен зерттеу» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға сала мамандары, серіктестер және БАҚ өкілдері қатысты.
Маңызды жиынға біздің «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ҒЗИ» ЖШС атынан Коммерцияландыру және сатып алу кеңесінің жетекшісі Құлмақов Асқар Жарасбайұлы, сондай-ақ Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің деканы Гүлнұр Несіптайқызы мен осы университеттің оқытушысы Фарида Қадисовна арнайы қатысты.

Жаңа зерттеу орталығының басты мақсаты – тағам өнімдерінің сапасын арттыру, қауіпсіздік талаптарын күшейту және ұлттық тағам өндірісін ғылыми тұрғыда дамыту. Зертхана заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған, бұл өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін белгіленген стандарттарға сай мұқият тексеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біздің институт «Адал ас» компаниясымен серіктестік орнатып, азық-түлік өндірісіне озық технологияларды бірлесе енгізіп келеді. Осылайша, өнім дүкен сөресіне жеткенге дейін бірнеше сатылы тексерістен өтеді. Бұл бастама отандық азық-түлік өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұтынушыларға сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсынуға бағытталған.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top