Алимқұлов Жексенқұл Сарманқұлұлы — 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!

Құрметті 

Жексенқұл Сарманқұлұлы!

Сізді 75 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Торқалы жетпіс бес  жастың төріне Сіз еселі еңбегіңізбен, қажырлы қайратыңызбен, ел-жұртқа сыйлы абырой-беделіңізбен шықтыңыз. Өз ісіне шын берілген, елінің егемендігі мен өркендеуі жолында жан аямайтын еңбекқор қасиетіңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында қызмет бабында биікке көтерілдіңіз.

Тұрақтылық, өнегелі қасиеттеріңізбен зор беделге ие болып жүргеніңіз – өзіңізге деген сый-құрметтің белгісі.

Сіздің еңбек жолыңыз кейінгі жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз!

Ел біліп, сыйлаған қадірменді Жексенқұл Сарманқұлұлы! Бүгінгі 75 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, көңіліңізге шаттық, отбасыңызға береке-бақыт тілейміз!

 

Құрметпен,

Қазақ қайта өңдеу және тағам

өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының

Басқарма Төрағасы  және ұжымы                                   Ж.З. Оразбаев

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top